1996 жылдан бастап Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында орта  және жоғары сынып жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде  «Абай жүрген iзбенен...» клубы өз жұмысын  бастаған еді. Клуб ұзақ уақыт Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, мұраларын (өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын) насихаттаумен айналысып келсе, 2018 жылдан бастап клуб мақсаты оқырман сұранысына орай, заман талабына сай  өзгерген болатын. Осы мақсатта жас шығармашыл жеткіншектермен  бірнеше әдеби отырыстар да өткізілді.

2018 жылдан бастау алып келе жатқан бұл клубтың атауы, бүгінде, 2019 жылдан бастап «Қауырсын қалам» әдеби клубы деп өзгертілмек, жас шығармашыл жеткіншектердің басын қосып, талаптарын ұштай түсетін «Қауырсын қалам» әдеби клубының отырыстары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.  

Клубтың мақсаты:

Әрбір жас оқырманның шығармашылыққа деген құштарлығын, кітапқа деген қызығушылығын  және мәдени сауаттылығын арттыру арқылы прозаға, поэзияға қалам тербеп жүрген балалардың талаптарын ұштау.

Клубтың басты міндеттері:

- қазақ әдебиеті ақын-жазушыларының шығармашылығы туралы білімді насихаттау;
       - жас талаптың рухани сұранысын барынша қанағаттандыру;
       - жасөспірімдердің жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;
       - шығармашыл жеткіншектерге барынша қолдау көрсету;

2018 жылы өткен клубтың отырыстары:

 

Құрметті оқырман!

«Қауырсын қалам» әдеби клубының ұйымдастыруымен өтіп жатқан отырыстарды кітапхананың ресми сайтынан және instagram желісіндегі қауырсын қалам парақшасынан көре аласыздар.

Сізді де клубқа мүше болуға шақырамыз!

 

«Қауырсын қалам» әдеби клубының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары:

қаңтар 

 «Өлең жазам қауырсын қаламыммен»               
   Шығармашылық отырыс.№1 «Қауырсын қалам» жасөспірімдер мен жастардың әдеби альманағына шолу 
ақпан        
 «Проза» кеше және бүгін     Клуб мүшелерінің әңгімелерін талдау
наурыз  Сырлы өлең...     Ақындар әлеміне саяхат
сәуір  «Прозадағы махаббат хаттары»    Кездесу кеші (Қарағандылық жас ақындармен кездесу)
мамыр «Жас толқын шабыты»    Драмалық қойылым
қазан «Мен. Жазушы. Кейіпкер.»    Студент жастармен пікір алмасу
қараша  Асылдан қалған асыл сөз»       Әдеби - сазды кеш

 Клуб отырысы жылына 7 рет, яғни әр айдың үшінші жұмасы күндері сағат 15:00 – де өткізіледі.


 


Всего просмотров: 1936

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz