01.01.2019 ж. Абай атындағы  Облыстық балалар  кітапханасының жалпы қоры 132 314 дана, соның ішінде қазақ тілінде – 28 763 дана. Кітаптар -127 197 дана, CD -204 дана, Мерзімді басылымдар – 4 913 дана.

Кітап қорын толықтырғанда кітаптардың  маңыздылығына, ақпараттың шындылығына, пайдалылығына назар аударылады. Кітапханада балалар жазушыларының көркемдік және салалық әдебиет басылымдарының бай жинақтары бар: Абай Құнанбаев, С.Бегалинов, Б.Соқпабаев, М.Әлімбаев, М.Әуезов, М.Қабанбаев, Е.Елүбаев, С.Маршак, Н.Чуковский, Н.Носов, А.Бартоның және тағы басқалар.

Қордың мақтанышы – Қазақстан және Қарағанды жазушыларының қолтаңбасы бар кітаптар: Р. Сейсенбаев, Ж. Қашкынов, Е. Елубаев, Т. Бейсембек, В. Литвинов, А. Баркан, Л. Мельникова, Б.Мұсабеков және т.б.

Балалар біздің кітапханада көпшілікке мәлім және қызықты топтамаларды  кездестіреді:  «1100 қызықты дерек», «Балаларға базарлық», «Сен білесің бе?», «Алтын сандық», «Атамұра кітапханасы», «Ақылды ертегілер», «В мире прекрасного», «Вокруг света», «Зачем и почему?» т.б.

Кітапхана 100- дан аса  балалар газеттері мен журналдарына жазылған: «Алтын арай», «Алтын сақа», «Алақай, балақай», «Айгөлек», «Балдырған»,  «Балбұлақ», «Ертегілер елінде», «Дружные ребята», «Веселый затейник», «Мурзилка», «Карапуз», «Чудеса и приключения детям» т.б.

Всего просмотров: 13301

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz