Сейсенбаев Роллан Шакенович

Жазушы Роллан Сейсенбаев 1946 жылы Семипалатинск қаласында дүниеге келді.

Жазушы ретінде Р.Сейсенбаев «Мәдениет және тұрмыс» республикалық журналында әңгімесін баспаға шығарып, өзіне назар аудартты.

Мәскеудің жоғары әдебиет курстарында оқыды. 1975 жылы «Жазушы» баспасында әңгімелер мен повестері «Жажда» «Шөл» кітабы жарық көрді.

1978 жылы «Молодая гвардия» Мәскеулік баспасында орыс тілінде «Первый снег» «Алғашқы қар» әңгімелер жинағы шықты, алғы сөзінде Даниил Гранин жас жазушының шығармашылығына жоғары баға берді.

«Первый снег» әңгімелер жинаққа бірнеше әңгімелер кірді, тақырыптары әртүрлі: жастардың қалалық өмірі («Окончилась суббота»), тракторист Тұраш - ауылдан шыққан жігіттің күлкілі оқиғасы («Парик»), актер Қуат Қылышбаевтың өміршең түстері («Отелло») т.б.

«Өмір сүргің келсе» және «Баспалдақ» екі томдық шығармалар жинағына кірген шығармалары жазушылар арасында танымалы болды.

80-ші жылдардың соңында «Трон сатаны», «Шайтанның тағы» романы жарыққа шықты. Республикада тиражы 4000 дана болып шықты, шетелде: ГФР, ГДР, Финляндия, Болгарияда басылды.

1987 жылы «Известия» баспасында Р.Сейсенбаевтың «Дни декабря» «Желтоқсан күндері» атты кезекті кітабына үш повес және оншақты әңгіме басылды. Кітаптың кейіпкерлері – әртүрлі маманның адамдары, қала, ауыл және кенттердің турғындары.

Р.Сейсенбаев екі тілде бірдей еркін жазады.

Автор өзінің ұлттық құндылықтарымен қатар басқа рухани әлем құндылықтарын қабылдайды.

1994 жылы Роллан Сейсенбаев Дүниежүзілік өнер және мәдениет академиясының (Сан-Франциско) академигі болып сайланды.

Академия шешімінде автордың «Трон сатаны», «Мертвые бродят в песках», «День, когда рухнул мир» романдарында трагедиялық дүниетаным сезіледі, деп көрсетілген. Сонымен қатар Р.Сейсенбаевтың шығармашылғы өміршең, жарық пен кеңістікке, жоғары гуманисттікке толы.

Заманауи әйгілі жазушылардың қатарына өзінің шеберлігі мен белсенді азаматтық көзқарастары үшін қосылды.

Еуропа мен американың көптеген мектептерінде Р.Сейсенбаевтың шығармалары оқу бағдарламаларына еңгізілді.

Жазушы Абайдың шығармашылығын насихаттайды. Еуропада «ЕЛ» бюросының ұйымдастырушы кездесулері, ағылшын, неміс және басқа тілдерде Абай оқулары өтті, «Дауир Пресс» баспа үйінің негізін салушы.

Республикалық теледидарда «Абай әлемі» тақырыпта бірнеше бағдарламалар көрсетілді. Р.Сейсенбаев Халықаралық Абай клубының Президенті, 2001 жылы «Абай күні» поэзия фестивалінің ұйымдастырушысы.

Р.Сейсенбаев «Аманат» журналының, «Аманата» кітапханасының кітаптар топтамасыныңредакторы, «Халық кітапханасы» кітаптар томатамасы жобасының, дизайнының авторы.

 


Всего просмотров: 46663

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz