«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 18 қазанда «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті.

Қазан айының 18-ші жұлдызы күні «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына орай «Сырдың сыршыл перзенті» атты поэтикалық оқу сағаты өтті.

Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні аталып өтіледі. Кітапхана өткізген «Мен кіммін. Мен және Біз» қайрымдылық сабағына Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Кітапхана қазан айының 17-сі күні көрнекті қоғам қайраткері, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты портрет кешін өткізді.

Қазан айының 16 жұлдызы күні «№87 НОМ» -тің әкімшілігі «Бастауыш мектеп апталығы» күнін өткізді. Апталықтың бір күні балалар кітабы күніне арналған. Осы айтулы іс-шараға мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері арнайы барып, 2-4 сыныптың оқушыларын біздің кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2019
MoTuWeThFrSaSu
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz