13.10.2019 I Елена Георгиевна КЛЕПИКОВА

Басып шығару
PDF

Елена Георгиевна КЛЕПИКОВА

Прозашы, балалар жазушысы, эссеші. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында тұрады.

Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің арнайы бөлімін бітірген. «Мусагет» қорының «Шеберлік сыныбы» жазушылық шеберлік жөніндегі әдеби семинарының, сонымен қатар Брэнда Фланаган (АҚШ), В.Воскобойникова, О.Павлова, Л.Бахнова (Ресей) шеберлік семинарларының түлегі, жас жазушылардың ӘЭЗБ қоры форумының қатысушысы. Ол ҚР Орталық мемлекеттік тарихи музейінде, Алматы қаласының тарихы музейінде, Орталық мемлекеттік кинофото құжаттар мен дыбыстық жазбалар архивінде жұмыс істеді. ААӘМ (Алматы ашық әдеби мектеп) «Проза және балалар әдебиеті» семинарының оқытушысы және жүргізушісі.

ААӘМ «Шеврон» және «Американдық Спейс» компаниясымен бірлескен жобалары аясында Ксения Рогожниковамен бірге Балалар әдеби шеберханасын (2016 ж.) және Жазғы әдеби шеберхананы (2017 ж.), Дина Махметовамен бірге Жастар әдеби шеберханасын (2018 ж.) жүргізді.
Шығармаларын балалар мен ересектерге арнап жазады. Қазақстанның, Ресейдің, Германияның, Украинаның әдеби журналдары мен альманахтарындағы жарияланымдары: «Дружба народов», «Литературная учеба», «Аполлинарий», «Простор», «Нива», «Бәйтерек», «Тамыр», «Литературная Алма-Ата», «Жёлтая гусеница», «Автограф», «КлубОК», «Карта желаний»; «Родной край» журналында, Оңтүстік астананың газеттерінде, Қазақстан тарихы Орталық мемлекеттік музейінің жаршысында, Қазақстан тарихы мәселелері жөніндегі жинақтарда жарияланған мақалалардың авторы; «Алматы тарихы» кітабындағы «Алма-Ата Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімінің авторы, 2 томды – Алматы: ИД «Credo», 2009 ж.

2008 жылғы «Золотое перо Руси» Ұлттық әдеби сыйлықтың алтын лауреаты, «Перекресток-2009» (Дюссельдорф, Германия) Халықаралық әдеби байқаудың лауреаты, 2009 жылғы «Земля чудес» Халықаралық ертегі байқауының жеңімпазы (Ресей), А.П.Чеховтың 150-жылдық мерейтойына арналған 2010 жылғы «Жизнь прекрасна!» поэзиялық және прозалық әзіл-сықақ халықаралық әдеби байқауының лауреаты (Германия), балалар жазушыларының орта мектеп жасындағы балаларға арналған үздік проза және поэтикалық шығармаларының 2010 жылғы «Желтая гусеница: полеты во сне и наяву» халықаралық әдеби байқауының жеңімпазы (Ресей), «Алтын қалам-2011» қазақстандық әдеби сыйлықтың лауреаты, 2015 ж. және 2017 ж. «Корнейчуковская премия» балаларға арналған үздік шығармалары III және V байқауларының финалисі (Украина), 2015 жылғы «ДАРАБОЗ» балалар жазушыларының халықаралық байқауының жеңімпазы, «На семи холмах» әдеби байқауының финалисі, 2016 ж. (Ресей), «Гайдаровский конкурс-2016» халықаралық әдеби байқаудың лауреаты (Ресей), 2013-2014 ж. Қазақ географиялық қоғамы өткізген «Дневник путешественника» әдеби байқауының жеңімпазы, Ресей географиялық қоғамы өткізген «Вслед за путеводной звездой» әдеби байқауының лауреаты. Әңгімелері мен ертегілері қазақ, хинди, неміс және ағылшын тілдеріне аударылды.

Бірлескен авторлықта жазған кітаптары: «Солянка сборная или кулинарная книга литератора» Алматы, Тарих тағылымы баспасы, 2009 ж., «К востоку от Гринвича: путешествие в подарок» Алматы, Ценные бумаги баспасы, 2011 ж., «Дуплетом» Алматы: Тарих тағылымы, 2011 ж., «Сказки для взрослых» Алматы: Литературный дом «Алма-Ата», 2013 жг., «Два письма» Алматы: Литературный дом «Алма-Ата», 2018 ж. / К.Рогожниковамен бірлескен/, «Кроль Королевы, или времена перемен» Москва, «Эксмо-ИДМ» баспасы, 2019 ж. / К.Рогожниковамен бірлескен /
«Тричастие» Алматы, Искандер баспасы, 2010 ж., «Алма-Атинские быльки» Алматы, 2011 ж. (2-е басылым. 2012 г.), «Жизнь во сне по отрывному календарю» Алматы: EDIT, 2013 ж., «Истории Кота Патрика» Алматы: Литературный дом «Алма-Ата», 2014 г., «Пан Тырц и Мурзик» повесі «Новые писатели» жинағында Москва: СЭИП, 2014 ж. жарыққа шықты, «В городе яблок» Алматы: Литературный дом «Алма-Ата», 2015 ж., «Тайна синей паутины» Алматы: Литературный дом «Алма-Ата», 2017 ж., «Удивительные приключения Пыхтелкина и Мурчалкина» Алматы: Литературный дом «Алма-Ата», 2019 ж. шығармаларының авторы.

«Жизнь прекрасна» Аахен-Дюссельдорф: Za-Za, 2010 ж., «Алагид: путешествие по смыслам Алматы», Алматы: Книголюб, 2017 ж. жинақтарына қатысқан.

Алматы туралы әңгімелері зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған аудиокітапқа және «Алтын қалам» жобасы аясындағы аудиокітапқа енгізілген.

 

Всего просмотров:

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz