Жаңалықтар

Л.Мельникованың «Мелодия судьбы» кітабының таныстырылымы

Кітапханада қарағандылық жазушы әрі композитор Л.Мельниковамен тағылымды кездесу өтті. Шара барысында автор оқырман қауымға өзінің «Мелодия судьбы» атты жаңа кітабын таныстырды. Кездесу қонақтары автормен тікелей жүздесіп, шығарманың жазылу тарихы мен көркемдік әлеміне бойлап, өзекті сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Оқырмандар кітап мазмұнына ерекше қызығушылық танытып, тарауларға қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, әсерлерімен бөлісті.

Л.Мельникованың «Мелодия судьбы» кітабының таныстырылымы Read Post »

Жаңалықтар

Жазушы Сәуле Досжанмен кездесу

Кітапхана қабырғасында рухани маңызы зор әдеби жүздесу өтті. Оқырман қауым қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қаламы қарымды жазушы Сәуле Досжанмен кездесудің сәтін бастан кешірді. Жазушы бұл кітапханаға бұрыннан таныс қадірлі қонақ. Кездесу барысында Сәуле Досжан өзінің «Бала шақтан — болашаққа» жаңа кітабын көпшілікке ұсынып, шығарманың жазылу ерекшеліктері мен мазмұндық бағыттары туралы мәлімет

Жазушы Сәуле Досжанмен кездесу Read Post »

Жаңалықтар

«Шуақ» – балалар идеяларының әлемі

Қаңтар айында «Шуақ» шығармашылық студиясында әртүрлі тақырыптар бойынша 4 сабақ өтті. Әр сабақта оқу, талқылау және практикалық шығармашылық жұмыс қамтылды. Студияға қатысушылар қолда бар материалдардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, қиялын, ұсақ моторикасын және шығармашылыққа деген қызығушылығын дамытты. Сабақтар жылы, достық атмосферада өтіп, балаларға жаңа білім мен жағымды әсер сыйлады.

«Шуақ» – балалар идеяларының әлемі Read Post »

Жаңалықтар

«Шеге мен балға» үйірмесі

«Шеге мен балға» үйірмесінің сабағында балалар металдармен және оларды бекіту құралдары: болт, тойтарма, шеге, бұранда түрлерімен танысты. Үйреніп, өздері тәжірибе жасап көрді, еңбекке деген қызығушылықтарын арттырды.

«Шеге мен балға» үйірмесі Read Post »

Жаңалықтар

В.Железниковтің «Чучело» повесін талқылау

Кітапханада В.Железниковтың «Чучело» повесі бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Талқылау барысында оқушылар мектеп ұжымындағы қысымның себептерін, сыныптастардың іс-әрекетін және әділетсіздік жағдайында әркімнің жауапкершілігін сөз етті. Әсіресе достық, сатқындық және қандай жағдайда да шындықты айтуға батыл болу тақырыптары кеңінен қозғалды. Қатысушылар өз көзқарастарын белсенді түрде білдіріп, жеке тәжірибелерін ортаға салды. Әділетсіздікке бейжай қарамаудың, мейірімділік пен адалдықты сақтаудың

В.Железниковтің «Чучело» повесін талқылау Read Post »

Scroll to Top